11 Сәу 2022
Страницы KZ Елек негізгі орта мектебі

Мектеп туралы

Елек негізгі орта мектебі бойынша мәлімет

2021-2022 оқу жылы

 

Елек негізгі орта мектебі ғимараты 2019 жылы жаңадан салынып, 2019 - 2020 оқу жылында қыркүйек айынан бастап пайдалануға берілді. Ғимарат 2 қабаттан тұрады. Жалпы алаңы – 1862 шаршы метр.

Атауы «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Елек негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектеп  директоры Ибрашева Данагуль Дулатовна, 2012 жылдан бастап директор болып жұмыс жасайды.

Мектепте жалпы  – 29  педагог (1-психолог, 1- шағын орталық тәрбиешісі, 1-тәрбиеші) жұмыс жасайды. Жоғары білімді мұғалім – 19, арнаулы орта- 10.

         Жаңа жүйе бойынша педагог-зерттеуші – 6, педагог – сарапшы -5, педагог-модератор-8; санатсыз – 10 мұғалім.

        Қазіргі таңда оқушы саны – 66. Бастауыш саты бойынша - 28 оқушы, негізгі саты бойынша – 38 оқушы білім алуда.  Класс комплект саны – 15.

Оқушыларға барлық жағдай жасалған. 11 сынып бөлмелері бар. Физика – 1, химия – 1, қазақ тілі – 1, математика – 1, ағылшын тілі – 1, лингафондық құрылғымен жабдықталған кабинет – 1, информатика -1, 2-зертхана, 2 шеберхана және 1 – спортзал, 1-кітапхана, 1-асхана, 1 – психолог кабинеті, 1 – медпункт бар. Далада мектеп ауласында 1 спорт алаңы, 1 волейбол,      1 баскетбол алаңдары бар.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар