Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Елек негізгі орта мектебі» КММ

КГУ «Елекская основная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

WhatsApp_Image_2024-05-30_at_16.00.29.jpeg    

          Елек негізгі орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне орай “Мектебім - мейірім мекені!” атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директорының м.а Д.Н.Досмухановаға беріліп, ұстаздар мен ата-аналар,оқушыларды атаулы мерекемен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына ақ тілегін жолдады.
Алғашқы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 9-сынып оқушысы, оқу озаты Рамазан Шапағат Алтынбекұлы және мектепке алғаш қадам басқан 1-сынып оқушысы Махамбетова Сәнім Мирасқызына берілді. Жиыннан соң барлық сыныпта білім алушыларға сынып сағаттары өтті.

Ұстаздар мерекесіне орай оқушылардың құрметі, өз туындылары - “Ұстаздарға арнау” қабырға газеттері мен “Мерекелік гүл себеттері” көрмесімен жалғасын тауып, ұстаздарға керемет әсер қалдырды.

       “ELEK FM” радиосы «Ұстаздарға алғыс» атты 5-9 сынып оқушылары құттықтауларын жолданып, «Көңілді ұзіліс» атты ұстаздар туралы ән шырқалды.

       05 қараша күні 8-9 сынып оқушылары аралығында «Дублер күні» ұйымдастырылды.  

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектептегі өзін-өзі бсқару жұмысын жандандыру, көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында 8-9 сынып оқушылары белсенді қатысты.

Дублер күнінің мақсаты мектептегі өзін өзі басқару жұмысын жандандыру,тұлғаның көсбашылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың қабілеттерін іске асыру.Дублёр күнінің өткізілгендігі туралы инстаграм парақшаға салынды.

“Дублёр күні” оқушылардың “Ұстаздар күніне” арналған мерекелік концертімен жалғасты. Оқушылар сүйікті ұстаздарына өлеңдер мен ән, билерін арнады. Көптеген жақсы сөздер мен құттықтаулар айтылды. Мұғалімдер оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көніл-күймен тарасты.

10 қыркүйек - Отбасы күніне” орай «Біз бақытты жанұя» тақырыбында бастауыш класстар арасында суреттер салу, 3-7 сыныптар аралығында фотоколлаж көрмелері өткізілді.

Мақсаты: отбасы мүшелеріне деген сыйластық, құрметін көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру.

    Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол 1-Қазан қарттар күні, біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Қарттар күніне орай мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге, ауылымыздың ардагер ұстаздары мен зейнеткер әжелерді құттықтау сәті.

© 2024 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Елек негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Елекская основная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»