Елек негізгі орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне орай “Мектебім - мейірім мекені!” атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директорының м.а Д.Н.Досмухановаға беріліп, ұстаздар мен ата-аналар,оқушыларды атаулы мерекемен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына ақ тілегін жолдады.
Алғашқы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің 9-сынып оқушысы, оқу озаты Рамазан Шапағат Алтынбекұлы және мектепке алғаш қадам басқан 1-сынып оқушысы Махамбетова Сәнім Мирасқызына берілді. Жиыннан соң барлық сыныпта білім алушыларға сынып сағаттары өтті.