«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Елек негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Елекская основная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
"Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы аясында білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында
🇰🇿Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні біздің мектебімізде әр дүйсенбі күні орындалады. Бүгін 23 қазан күні әдеттегідей Гимн шырқалды. Гимннің әсерлі әуені көңілді толқытып, жанымызды шаттыққа бөлейді, жүрегімізді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады. Гимнді айтқанда, оң қолды жүрек тұсына қоямыз. Бұл – біздің елімізге деген зор құрмет деп түсінеміз.
1-9 сынып оқушыларына «Төрт тоқсан, төрт өнер» жобасы аясында шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу мақсатында «Сергіту сәті» челленджі өткізілді.
Мектебімізде “Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы аясында ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу мақсатында “АЛТЫН САҚА” олимпиадасы ұйымдастырылып, “Бес табан” және “Бес асық” ұлттық ойындары ойнатылды.
Мектебімізде "Тоғыз айға, 9 іс-шара" жобасы аясында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикасын, зейінін жаттықтыру мақсатында физика-математика ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым- математик Асқар Жұмаділдаевтың ұсынған авторлық есептерін шығаруға арналған “Қазақ есебі” челленджі ұйымдастырылды.
«Елек негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Елекская основная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»